Accessibility links

Сенбіде ЕуроОдақтың кішігірім саммиті өтеді


Британия, Франция, Германия және Италия елдерінің жетекшілері сенбі күні Парижде кездесіп, ғаламдық қаржы дағдарысын талқылайды. ЕуроОдақ төрағалығындағы Франция ресмилерінің мәлімдеуінше, саммит барысында “Сегіздік тобының” келесі кездесуіне дайындық мәселесі қаралады. Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозоның айтуынша, Париждегі басқосуға сондай-ақ Еуропаның Орталық банк басшысы Жан-Клод Трише мен ЕуроОдақ қаржы министрлері комитетінің жетекшісі Жан-Клод Юнкер қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG