Accessibility links

Қазақстан Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындамады


Қазақстан Грузияның жікшіл аймақтарының тәуелсіздігін мойындаудан бас тартты. Қазанның 1-і күні Вашингтонда Бейбітшілік жөніндегі Карнеги қорында сөйлеген сөзінде Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Қазақстан территориялық біртұтастық принципін қолдайды деп мәлімдеді. Тәжиннің айтуынша, аймақтардың тәуелсіздігін мойындауда екіұшты стандарттар қолданылмауы тиіс.

“Біз Косовоны мойындамадық, сондай-ақ Абхазия мен Оңтүстік Осетияны да мойындаған жоқпыз”, - деді Тәжин.

Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін тек Ресей мен Никарагуа елдері ғана мойындап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG