Accessibility links

Екі елдің президенті кездесті


Ақордада Н.Назарбаев Латвия президенті Валдис Затлерспен келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшілері хабарлады. Екі жақты жүздесу барысында Қазақстан президенті В.Затлерске «Бір топ бизнесменді ертіп келген сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынасымызды жаңа бір деңгейге көтереді деп сенемін. Бізде мұндай кездесулер қарқынды өтуде», — деді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сауда қатынасының даму қарқынын сөз ете келе, оның әлі де болса көңіл көншітерлік дәрежеде емес екеніне тоқталды. «Бірақ Қазақстан мен Латвия арасында ешқандай саяси да, экономикалық та кедергілер жоқ», — деп атап өтті.
Өз тарапынан Латвия президенті де екі елдің бизнесмендерінің жоғарғы деңгейдегі байланыстарына тоқтала келе: «Ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндігіміз жетерлік», — деген пікір білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG