Accessibility links

Сербия Косовоның тәуелсіздігін әлі де даулауда


Косовоның Сыртқы істер министрі Сербия президентінің Косовоны ұлттық жікке бөлу идеясы жаңа жанжал туғызуы мүмкін деп ескертеді.
Бүгін өткізген баспасөз-маслихатында министр Скендер Хусени: “Балкан түбегіндегі шекарамен ойнау қашан да қауіпті болды және қауіпті болып қала береді”, -деп мәлімдеді. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Сербия Халықаралық соттан Косовоның бір жақты тәуелсіздік жариялауының заңға сәйкестігін тексеруді өтінген құжат таратты. Ұлттар ұйымы бұл құжатты талдап, 8 қазанда дауысқа салуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG