Accessibility links

Райс: Қазақстан Ауғанстан үшін маңызды ел


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бейбіт ядролық бағдарлама туралы АҚШ-Үндістан келісімі бойынша келіссөз өткізу үшін Үндістанға барды.
Өткен сәрсенбіде АҚШ Конгресінде түпкілікті мақұлданған осы келісім бойынша АҚШ компаниялары Үндістанға ядролық отын мен технологияны және оның бейбіт қондырғыларына қажетті атом реакторларын сата алады.
Өз кезегінде Үндістан өзінің бейбіт ядролық бағдарламасын тексеруге ашық ұстайды.
Делиге бара жатқан жолында Райс атап көрсеткендей, Үндістанға 1 күндік сапары кезінде келісімге қол қою екіталай. Өйткені, оның баптары әлі пысықталады.
Сондай-ақ Райс Үндістан, Пәкістан және Қазақстанды Ауғанстанның экономикалық ытымақтастығын дамытуы үшін “өте маңызды елдер” деп атады.
Делиден кейін Райс Астанаға баруы тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG