Accessibility links

АҚШ-тың адамсыз ұшағы Пәкістанды бомбалады


Пәкістан армиясының басшылығы Солтүстік Вазиристанның таулы ауданына зымырандық соққы берілуінің себеп-салдарын тергеу үстінде. Соққыдан кем дегенде 9 адам мерт болды.
Мохаммад-Хель қышлағына Американың пилотсыз басқарылатын соғыс ұшағы соққы берді деген жорамал бар. Опат болғандардың арасында шетелдік жалдамалы содырлар бар сияқты.
Пәкістан телеарнасы 20-дан астам кісінің құрбан болғанын хабарлады, бірақ ақпарат әлі расталған жоқ.
Ал Ауғанстандағы АҚШ армиясы әзірше үн шығармай отыр.
XS
SM
MD
LG