Accessibility links

Күрд бүлікшілері Түркия армиясына соққы берді


Түркияның қарулы күштері хабарлағандай, күрд бүлікшілері елдің оңтүстік-шығысындағы армия поштасына шабуыл жасап, түріктердің 15 жауынгерін оққа ұшырды. Түрік әскері қарсы соққы беріп, 23 бүлікшінің көзін жойды.
Бұл қақтығыс Ирақ пен Иран шекарасына жақын Седминли өңірінде жұма күні болды. “Күрдістан жұмысшы партиясының” бүлікшілері Түркияның оңтүстік-шығысына бекініп алған, ал Ирақтың солтүстігі 1984 жылдан бері автономия алу үшін күресіп келеді.
Түрік армиясы соңғы 1 жылда күрд бүлікшілері бекінген солтүстік Ираққа бірнеше рет соққы берді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG