Accessibility links

Қазақстан Сенатына жаңа депутаттар сайланды


Қазақ хандары және Н. Назарбаевтың портреті. Ақтөбе, 4 қыркүйек, 2008 жыл

Қазақ хандары және Н. Назарбаевтың портреті. Ақтөбе, 4 қыркүйек, 2008 жыл

Сенбі күні Қазақстанда парламенттің жоғарғы палатасы – Сенат депутаттарының сайлауы болып өтті. Оппозиция Сенат сайлауына қатысудан бас тартты

Астана мен Алматы қалалық және 14 облыстың маслихаттары 37 үміткердің ішінен 16 сенаторды сайлауы тиіс болатын.
Конституцияға сәйкес, әр 3 жыл сайын Сенаттың тең жартысы қайта сайланады, тағы 15 сенаторды Президенттің өзі тағайындайды.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауды бақылауға 58 халықаралық бақылаушы тіркелген. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Азаттық радиосының Астанадағы тілшісіне дауыс беру басталған таңертеңгі мезгілде сайлау заңдылықатрының бұзылған бірде-бір фактісі тіркелмегендігін айтқан.

Бұл сайлауда билік басында 20 жылдай уақыттан бері келе жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Нұр Отан” партиясы мен билікке жақын үміткерлер толық жеңіске жетпек. Өйткені, оппозиция Сенат сайлауына қатысудан бас тартты.

Оппозиция жетекшілерінің бірі Болат Әбілев:

-Бұл сайлау емес қой. Әкім немесе анау Астанадан айтады, кім сайланатынын және солар өтеді. Ашық, таза сайлау болмайды, ол жай сөз, әңгіме ғана. Біз Сенат сайлауына сайлау екен деп сенбейміз,- дейді.

Сенат депутаттары сайлауының түпкілікті нәтижесі қазанның 10-на дейін белгілі болады.
XS
SM
MD
LG