Accessibility links

Алматы аэропортына бір күнде екі рет жарылғыш зат қойылды деген жасырын қоңырау түсті


Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқы қоңырау бесінші қазан күнгі таңғы сағат 06.52-де түскен. ІІД –не шалынған қоңыраудан кейін құтқарушы топ аэропорттан 1500 адамды алып шыққан. Бірақ ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Кешкі сағат 18.50-де «03»-ке шалынған екінші қоңырау бойынша да 1200 адам эвакуация жасалды, бұл жолы да ешқандай қауіпті жарылғыш жоқ болып шықты, — делінген хабарламада.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG