Accessibility links

Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды


ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге таңдаушылар тізіміне енгізілген 3310 мәслихат депутатының 3231-і, яғни 97,6 % қатысқан. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны - 213. Барлық өңірлерде сайлаудың нәтижелері бірінші турда анықталды. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50% астамының дауысын алғандар: Ақмола облысы бойынша Жалмағанбетова Светлана Жақияқызы, 230 дауыс (барлық дауыстардың 86%). Ақтөбе облысы бойынша Әміров Иран Әмірұлы, 190 дауыс (96% жуық). Алматы облысы бойынша Сүлейменов Нұрлан Илиясұлы, 299 дауыс (93%). Атырау облысы бойынша Енсегенов Сәрсенбай Құрманұлы, 122 дауыс (97% жуық). Батыс Қазақстан облысы бойынша Мұқаев Ерболат Рахметұлы, 181 дауыс (94% жуық). Жамбыл облысы бойынша Савченко Александр Георгиевич, 134 дауыс (90% жуық). Маңғыстау облысы бойынша Бортник Михаил Михайлович, 105 дауыс (95% жуық). Қарағанды облысы бойынша Кубайчук Юрий Алексеевич, 277 дауыс (99% жуық). Қызылорда облысы бойынша Баймаханов Қожахмет, 138 дауыс (97%жуық). Қостанай облысы бойынша Валиев Хусаин Хасенұлы, 269 дауыс (93% жуық). Оңтүстік Қазақстаноблысы бойынша Рахманбердиев Орынбай, 134 дауыс (83% жуық). Павлодар облысы бойынша Жұмабаев Ермек Жианшыұлы, 178 дауыс (89% жуық). Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Башмаков Анатолий Афанасьевич, 174 дауыс (81% жуық). Шығыс Қазақстан облысы бойынша Плотников Сергей Викторович, 297 дауыс (95% жуық). Астана қаласы бойынша Омаров Қайсар Оспанұлы, 17 дауыс (68%). Алматы қаласы бойынша Төрегелдинов Жұмабек Сүлейменұлы, 25 дауыс (76% жуық).
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың ақтық қорытындыларын 10 қазаннан кешіктірмей шығаруы және бұл мәліметтерді 13 қазаннан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиіс.

XS
SM
MD
LG