Accessibility links

Қырғызстандағы зілзаладан қаза тапқандар саны өсуде


Қырғызстанда орын алған жер сілкінісінен 65-ке жуық адам қаза тауып, 50 кісі жараланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, зілзала салдарынан Алай ауданында 120 тұрғын үй қираған.
Хабарларға қарағанда, Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінісі екі рет қайталанған. Біріншісі жексенбі күні түнде, ал екіншісі бүгін болды. Зілзалалардың күші Рихтер бағаны бойынша 6.6 мен 5.1 балға жеткен.
Президент Құрманбек Бәкиев апат аймақтарына бармақшы.
XS
SM
MD
LG