Accessibility links

Азия қор биржалары құлдырады


Бүгін Азияның қор биржаларындағы көрсеткіштер төмендеді. Ал АҚШ-та ғаламдық экономикалық дағдарысқа байланысты жағдай тұрақсыз болып тұр, сонымен қатар, қаржы дағдарысы Еуропаға да жетті. Жексенбі күні Германия үкіметі елдегі барлық жекеменшік банктердің депозиттеріне кепілдік беріледі деп мәлімдеді. Сонымен қатар, жексенбіде Германия Қаржы министрлігі тығырыққа тірелген Hypo Real Estate банкіне арналған 50 миллиард еуролық құтқару пакеті жөнінде келісім жасалды деп хабарлады.

Осыдан кейін Азияның қор биржалары құлдырады. Жапонияның Nikkei көрсеткіші 4 пайызға төмендесе, Гонконг, Австралия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайланд және Индонезиядағы индекстер де күрт түсіп кетті.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG