Accessibility links

Еуропа қор биржалары әлсіреуде


Бүгін Еуропа қор биржаларындағы сауда басталысымен-ақ нарықтағы көрсеткіштер күрт төмендеп кетті. Ғаламдық қаржы дағдарысына байланысты алаңдаушылықтар көбейіп жатқандықтан, Азиядағы қор биржалары да құлдыраған болатын. Лондонның негізгі индексі 5 пайызға азайса, Франкфурттағы көрсеткіш 3.29 пайызға, ал Франция құнды қағаздары 4.67 процентке төмендеді. Сонымен қатар Ресей қор биржасындағы көрсеткіштер де қатты құлады.
XS
SM
MD
LG