Accessibility links

Ауғанстанда сайлаушылар тіркелуде


Ауған үкіметі 2009 жылдың күзіне белгіленген президент сайлауына дауыс берушілерді бүгін тіркей бастады. Қазір елдің орталық және солтүстік-шығыс аймақтарындағы 14 өлкеде тіркеу жүріп жатыр деп хабарланды. Ал бір айдан кейін Ауғанстанның солтүстігі мен тағы басқа аймақтарындағы сайлаушылар тіркелетін болады. Бұл елде 2004 жылғы президент сайлауы мен 2005 жылғы парламенттік сайлаулар негізінен бейбіт жағдайда өткен болатын. Бірақ соңғы жылдары Ауғанстанда қауіпсіздік жағдайы нашарлап кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG