Accessibility links

Абхазия Грузияны айыптады


Жікшіл Абхазия аймағының ресмилері Грузия күштерімен болған атыста бір шекарашы қаза тапты деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл оқиға Грузия бақылауындағы территорияға жақын Абхазияның Гали ауданындағы Набакеви ауылында орын алған.
Грузия Ішкі істер министрлігі ешқандай атыс болмады дейді. Сонымен қатар, Грузия жағы бүгін Ингури гидроэлектростанциясы жанында жарылыстар болды деп хабарлады. Бірақ Абхазия ресмилері бұл мәліметті жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG