Accessibility links

Астанаға Ясир Аббас келеді


«Палестина ұлттық әкімшілігі басшысының арнаулы өкілі Ясир Аббас Махмуд 5 – 9 қазан аралығында Астанаға келеді», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Палестинаның өкілі сапар барысында Мемлекет басшысымен кездесіп, сауда-экономикалық және білім-ғылым саласындағы байланыстар жайын талқылайды. Бұл сапар Н.Назарбаев пен Палестина президенті Махмуд Аббастың келісімі негізінде жасалмақ.

XS
SM
MD
LG