Accessibility links

Мәжіліс депутат Виктор Цойдың өкілеттігін тоқтатты


ҚР Парламент мәжілісінің отырысында Қазақстан халықтары Ассамблеясынан сайланған мәжіліс депутаты Виктор Цойдың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға шешім қабылданды. Төменгі палатаның 96 депутатының 93-і бұл шешімді жақтап дауыс берді.«Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы өкілеттікті тоқтату себептерінің бәрін қарастырады. Бұл жолы депутаттың өз өтініші өкілеттікті мерзімінен бұрын тоқтатуға себеп болып отыр», — деді ОСК-ның мүшесі Ләззат Сүлеймен.
XS
SM
MD
LG