Accessibility links

К.Мәсімов Араб Әмірлігінің өкілімен кездесті


Үкімет басшысы К.Мәсімов Біріккен Араб Әмірлігінің президенті шейх Халифа Бен Заид Әл Нахайян қорының атқарушы директоры Мохаммед қажы Әл Хуримен кездесті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметінен. Кездесуде БАӘ президенті қорының Қазақстандағы инвестициялық жоспарын әрі қарай іске асыру мәселелері талқыланды. Аталмыш қордың Астанадағы жаңа мектептің құрылысы мен Шымкент қаласында 120 орындық аурухана құрылысының жобасын іске асыратыны мәлім болды.Сондай-ақ қордың тартуы ретінде Қазақстанда бес мың адамға арналған мешіт салынады.



AzattyqTV

XS
SM
MD
LG