Accessibility links

Украинада парламент сайлауы желтоқсанда өтеді


Украина президенті Виктор Ющенко кезектен тыс парламенттік сайлауларды желтоқсанның 7-не белгіледі. Ющенко жаңа сайлау өткізу жөніндегі жарлыққа бүгін қол қойды. Премьер-министр Юлия Тимошенкомен арадағы коалицияны қайта құру әрекеті сәтсіз болған соң Ющенко парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуге шақырды. 2004-жылғы қызғылт сары төңкерісінде Ющенко мен Тимошенко одақтас болған.
XS
SM
MD
LG