Accessibility links

Схеффер: НАТО елдері әскери мәселеге көбірек қаржы бөлуі тиіс


Ғаламдық қаржы дағдарысына қарамастан, НАТО-ға мүше елдер әскери мәселелерге көбірек ақша бөлулері керек. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер венгриялық басылымға берген сұхбатында мәлімдеді. Бүгін Будапештте НАТО қорғаныс министрлері бас қосуда. Олар Ауғанстан мәселесін талқылайды. Қазір Ауғанстанда НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштерінің 50 мыңнан астам сарбазы бар. НАТО бұл елде тағы бірнеше жыл болуы керек, дейді Схеффер.
XS
SM
MD
LG