Accessibility links

Әдебиеттен ешкім Мемлекеттік сыйлық алмайтын болды


Кеше Алматыдағы ҚР президентінің резиденциясында Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың қатысуымен Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.
«Биылдан бастап Мемлекеттік сыйлық президент Н.Назарбаевтың жарлығымен тағайындалатын болды. Бұл сыйлықтың мәртебесін өсіріп, оған қойылатын талапты күшейтті. Сыйлық тек Қазақстанның рухани қазынасын толықтыруға лайық шығармаларға ғана беріледі, — деді Қ.Саудабаев. Отырыстың қорытындысынан белгілі болғандай, Мемлекеттік сыйлық осы жолы әдебиет саласынан ешкімге берілмейтін болды.



XS
SM
MD
LG