Accessibility links

Косовоның тәуелсіздігін тағы 2 ел мойындады


Македония және Черногория Косовоның тәуелсіздігін мойындады. Екі елдің де биліктері мұндай қадамға бірге барғандарын мәлімдеп, бірақ ол қадамы Сербияға қарсы емес, Еуропа Одағы мен НАТО-ға кіруге ұмтылған Македония мен Черногорияның келешегі үшін жасалғанын ерекше атап көрсетті. Сербия екі елдің шешімін сатқындық деп бағалап, Черногория елшісінен Белградтан кетуін талап етіп, Подгорицадағы өз елшісін кейін шақыртып алатынын ескертті. Одан 1 күн бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Косовоның Сербиядан бөлінуінің заңдылығына байланысты Халықаралық сотқа сауал жолдау туралы Белградтың өтінішін мақұлдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG