Accessibility links

Финляндияның экс-президенті – Нобель сыйлығының лауреаты


Финляндияның бұрынғы президенті Мартти Ахтисаари 2008 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды.
Ол туралы бүгін Ослода Норвегияның Нобель сыйлығы бойынша комитеті мәлімдеді. Мәртебелі сыйлық Ахтисаариге бірқатар жанжалды, оның ішінде Косоводағы және Индонезияның орталық билігі мен елдің Ачех өлкесіндегі көтерілісшілдің арасындағы қақтығысты реттеуге жұмсаған көпжылдық әрекеті үшін беріліп отыр. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы 1 млн. 400 мың АҚШ долларын құрайды. Биыл сыйлыққа 197 үміткер таласты.
XS
SM
MD
LG