Accessibility links

Ауғанстандағы есірткі саудасымен НАТО күреседі


НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Будапешт қаласындағы мәжілістің барысында Ауғанстандағы есірткі өндірісі мен саудасына қарсы күрес шаралары бойынша ортақ келісімге келді. НАТО өкілінің хабарлауынша, ол күреске Ауғанстандағы халықаралық күштер жұмылдырылатын болды. Ол күштер ауған үкіметімен кеңесе отырып қимылдайтын болады.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің басшылығы мәлімдегендей, есірткі саудасына қарсы қатаң күрес Ауғанстанның қауіпсіздігін нығайту үшін іске асырылады. Будапешттегі мәжілісте Сомалидің жағалауындағы теңіз қарақшылығына қарсы шаралар да сөз болды.
XS
SM
MD
LG