Accessibility links

Қазақ армиясының барлаушылары үздік техникамен қаруланады


Қазақстан армиясының аймақтық басшылықтары барлау техникасының ең соңғы үлгілерімен жабдықталады. Семейде сапарда жүрген қорғаныс министрі Даниал Ахметов осылай деп мәлімдеді.
“Грузиядағы қақтығыстан кейін, -деп атап көрсетті министр, - біз барлау батальондарын жетілдіруге айрықша назар аударамыз”.
Д.Ахметовтың сөзіне қарағанда, “аймақтық басшылықтардың, оның ішінде “Шығыс” аймағының басшылығының барлық барлау батальоны барлау техникасының соңғы үлгісімен қамтамасыз етіледі. 2009 жылы ондай техника сынақ пен тексеруден өтеді”.
Келесі жылы батальон офицерлеріне баспана беріледі деп мәлімдеді қорғаныс министрі.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG