Accessibility links

Австрияның әсіреұлтшыл саясаткері опат болды


Австрияда автокөлік апатынан әсіреоңшыл “Австрияның болашағы жолындағы альянс” партиясының көсемі әрі Каринтия жерінің басшысы Йорг Хайдер опат болды. Ол 58-де болатын.
Австрия баспасөзінің хабарлауынша, Клагенфурт қаласының маңында Хайдердің автокөлігі тасжолдан тайып төңкерілген. Апаттың себебі белгісіз.
Йорг Хайдер – 2000 жылы өзі бастаған әсіреоңшыл “Азат” партиясы билік басындағы коалицияға кірген соң кең танылды. Соның салдарынан Австрия халықаралық сахнада оқшау қалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG