Accessibility links

Буш пен “Үлкен жетілік” министрлері келіссөзге отырды


Ғаламдық қаржы дағдарысын ауыздықтаудың ортақ жолын табу үшін Вашингтонда АҚШ президенті Джордж Буш пен “Үлкен жетілік” елдері қаржы министрлерінің келіссөзі басталды.
Ақ үйдегі осы кездесуден бұрын дамыған 7 елдің қаржы министрлері мен Орталық банктерінің басшылары Вашингтонда қаржы дағдарысын ауыздықтаудың барлық амалын қарастыруға уәде берді. Олар қаржы нарығын қалпына келтіру үшін қоян-қолтық іс атқаратындарын мәлімдесті.
Жетекші елдердің іс-әрекетіне қарамастан, жұма күні Америка мен Еуропаның және Азияның қор биржаларындағы бағаның құлдырауы жалғасты. АҚШ өнеркәсібінің доу-джонс индексі осы аптаны 18 %-ға құлдыраумен аяқтады.
Мұнай бағасы да күрт төмендеді.
Вашингтонда Ресейдің қаржы министрі Алексей Кудрин мәлімдегендей, “Үлкен жетіліктің” дағдарысқа қарсы амалдарды қарастыруына Ресей де атсалысады.
XS
SM
MD
LG