Accessibility links

Иран реформашысы президент сайлауына түспекші


Ирандағы жетекші реформист Мехди Каруби алдағы жылы өтетін президент сайлауына қатысамын деп мәлімдеп, консерватор президент Махмұд Ахмединежадты бәсекелестікке шақырды.
Бұл жөнінде Ұлттық сенім партиясының жетекшсі Каруби бүгін баспасөз-мәслихатында мәлімдеп, Иран жауымен, атап айтқанда АҚШ-пен, келіссөзге дайын болуы керек деп атап көрсетті.
Ахмединежад президенттік сайлауға тағы түседі деген болжам бар, бірақ бұл турасында ол әлі ашық айтқан жоқ.

XS
SM
MD
LG