Accessibility links

Грузиядағы автобус апатында 10 адам қаза тапты


Грузия ішкі істер министрінің баспасөз өкілі жол-көлік апатының Гори қаласының батысында, 25 шақырымдай жердегі Урбниси аулына жақын аймақта, жексенбі күні таңертең болғанын айтқан.
Жүк машинасының жүргізушісі аман, ал шағын автобуста келе жатқан10 жолаушы опат болып, тағы екі адам түрлі жарақат алған.
Грузияның батысын ел астанасы – Тбилисимен жалғастыратын бұл даңғылда жол-көлік апаты жиі болып тұрады.

XS
SM
MD
LG