Accessibility links

Прагада Форум-2000 басталды


Әлем елдерінің саясаткерлері мен ойшылдары Прагадағы форумға жиналды. Екі күнге созылатын халықаралық конференцияға қатысушылар әлемдегі маңызды мәселелерді қалай шешуге болатынын талқыламақшы. Қатысушылардың арасында Ресейдің оппозиция басшысы Гарри Каспаров пен Беларусь оппозициясының жетекшісі Александр Милинкевич және бұрынғы Польша диссиденті Адам Мичник бар.
Бұрынғы Чехия президенті Вацлав Хавел негізін қалаған жылдық форумның бұл жолғы тақырыбы: “21 ғасырдағы ашықтық пен фундаментализм”.
XS
SM
MD
LG