Accessibility links

ЕуроОдақ Өзбекстанға виза тыйымын тоқтатты


Еуропа Одағы Өзбекстанға енгізілген көптеген шектеулерді алып тастауға келісті. ЕуроОдақтың айтуынша, Өзбекстанда адам құқығы жағдайына қатысты алға басушылықтар болған.
2005 жылы Өзбекстанның Әндіжан қаласында үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң, ЕуроОдақ ресми Ташкентке санкциялар енгізген болатын. Атап айтқанда, жоғары лауазымды Өзбекстан шенеуніктеріне виза шектеулері жарияланған еді.
Бүгін Люксембургте кездескен ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері әлгі виза тыйымы алдағы айда өз күшін жоғалтады деп келісті. Ал қару-жарақ шектеуі өз күшінде қалады деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG