Accessibility links

БҰҰ христиандарға қарсы шабуылдарды айыптады



БҰҰ-ның Ирақтағы арнайы өкілі христиандарға бағытталған шабуылдарды айыптады. Стаффан де Мистура Ирақтың солтүстігіндегі Мосул қаласында болған шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Елдің премьер-министрі Нури әл-Малики христиандарды қорғауға уәде берді. Бұл аймақта бірнеше шабуыл орын алған соң жүздеген отбасы өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Әл-Малики Мосулдағы христиандарды қорғау үшін “жылдам әрекет” жасалады және кемінде 11 адамның өмірін қиған әлгі шабуылдарға байланысты тергеу ісі жүргізіледі деп мәлімдеді. Мосулдағы христиандардың аудандары мен шіркеулерін қорғау мақсатында қалаға мыңға жуық полиция қызметкерлері орналастырылды. Оның алдында Ватиканда Папа Бенедикт XVI зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG