Accessibility links

Үкіметаралық комиссияның мәжілісі өтеді


Ертең Астанада Қазақстан-Иран үкіметаралық комиссиясының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі оныншы мәжілісі басталады. ҚР Көлік және коммуникациялар министрі Серік Ахметов пен Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Манучехр Моттакидің бірлескен төрағалығымен өтетін мәжіліс аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолдары, Иранға астық жөнелтуді жолға қою, сондай-ақ өнеркәсіп, энергетика, мұнай-газ, көлік және коммуникациялар, туризм-спорт, мәдениет пен телерадиохабарлар салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылады.

XS
SM
MD
LG