Accessibility links

Жуалыда балалар еңбегі заңсыз пайдаланылған


Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Т.Тастандиев атындағы мектептің басшылығы мен шаруа қожалықтарының иелері арасындағы келісім бойынша аталған мектептің оқушылары күнбағыс жинау жұмысына жіберіліпті. Балалар еңбегін заңсыз пайдаланушылар туралы аудандық прокоратураның «сенім телефонына» хабарланған. Аудандық прокоратураның тексеруі нәтижесінде, мектеп директоры Е.Әлжанов пен шаруа қожалығының басшылары С.Қамбаров пен Т.Тохтаевтардың ауызша келісімімен күнбағыс жинауға осы жылдың 9-22 қыркүйегі аралығында мектептің 10-11-сынып оқушылары жіберілген. Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы», «Еңбек туралы» заңдарын бұзғандары үшін мектеп басшылығы мен шаруа қожалықтарының иелерін қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG