Accessibility links

Қазақстандық ұялы байланыс жаңа технологияға көшпек


Келесі жылдан бастап қазақстандық ұялы байланыс операторлары 3G технологиясына көшпек. Бұл туралы бүгін ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі байланыс департаментінің директоры Әбілхан Баймұратов мәлім етті.
«Қазір ұялы байланыстың жаңа сатысы 3G үшін жиіліктер босатылуда. Жыл соңына дейін бұл жұмыстар аяқталады, келесі жылы жиілік жөнінде кеңес өткізіп, мәселенің нүктесін қоямыз», — деді Ә.Баймұратов.
Оның айтуынша, 3G технологиясы жылдамдатылған интернет пен бейне түсіру қызметін қамтамасыз етеді. Бұл қызметтер үшін төленетін ақы да қосымша белгіленеді.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG