Accessibility links

БҰҰ жоғарғы соты этникалық кемсітушілікті айыптады


Аталған сот бүгін Грузияның арызын қарау барысында Ресей мен Грузияны осындай әрекеттерге жол бермеуге шақырды. Нақтылай айтқанда, Оңтүстік Осетия мен Абхазияда және сол аймақтарға жақын жерлерде жеке азаматтар мен топтарға қарсы дискриминацияның қолданылмауын талап етті.
Ресми Тбилиси ол арызында өзінің жікшілдік қос аймағында Ресейдің тазалау әрекеттерін жасауына тыйым салуды соттан сұраған болатын. Атап айтқанда Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы грузин ұлт өкілдеріне қарсы этникалық тазалау жүргізілуде деген еді Грузия.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG