Accessibility links

АҚШ Иранға қатысты Австралия санкцияларын құптады


Теһранның ядролық және зымыран бағдарламасына қатысы бар Иран азаматтары мен ұйымдарына енгізілген Австралияның жаңа санкцияларын Вашингтон жылы қабылдады. Сәрсенбі күні Канберра Иранның 20 азаматы мен 18 ұйымына қаржы және виза шектеулерін енгізді. Сондай-ақ, Иранның “Мелли” және “Садерат” банктерінің активтерін тұмшалау жөнінде шешім шығарылды. АҚШ Қаржы министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Стюарт Леви “Иранды одан сайын оқшаулау мақсатында жасаған қадамдары” үшін Австралияны мадақтап, басқа елдерді де солай жасауға шақырды. Иран уран байытуын тоқтатудан бас тартқаны үшін БҰҰ-ның бірқатар санкцияларына тап болған еді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық бомба жасамақшы деп қауіптенеді. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығаруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG