Accessibility links

Астанада жемқорлыққа қарсы орталық ашылды


Астанада «Транспаренси Қазақстан» қоры жүзеге асырған жоба бойынша жемқорлыққа қарсы құқықтық орталық ашылды. Бұл туралы аталмыш қоғамдық қордың атқарушы директоры Сергей Злотников мәлім етті. Экономиканың өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға кедергі болып отырған сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болу — жобаның басты мақсаты. Аталған орталықтан тұрғындар тегін кеңестер мен тиісті ақпараттар ала алады. Жалпы құны 200 мың евроны құраған бұл орталықта сыбайлас жемқорлық пен бопсалау дерегімен бетпе-бет келгендер үшін шұғыл телефон жұмыс істейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG