Accessibility links

Қазақстанға келетін инвестиция баяулады


Қазақстаннан капитал кетіп жатқан жоқ, бірақ капиталдың келуі де азайды, проблема міне осы. Қазақстанның билікке жақын телеарналарына берген сұхбатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, “әлемде қаражат бар, оны жұмсау керек, сондықтан да қаражат саяси бірқалыпты, тұрақты заңдары бар және инвестициялар үшін тартымды елдерге барады”. Президенттің сөзіне қарағанда, Қазақстанда шетелдік инвесторларды қызықтыратын жобалар жеткілікті. Балқашта құны 3 млрд. доллар тұратын ірі Жылу-электр орталығын салуды жоспарлап отырмыз, оған Оңтүстік Корея мен Жапония компаниялары қатысқысы келеді. Басқа жобалар тағы бар, -деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.
XS
SM
MD
LG