Accessibility links

Әзірбайжандағы сайлау демократияға жақындады


АҚШ бұрынғы сайлауға қарағанда, соңғы президент сайлауында демократия стандарттарына қарай ілгерілеудің болғанын атап көрсетіп, Әзірбайжан халқын президент сайлауының нәтижесімен құттықтады. Алайда, Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде Әзірбайжанда сайлау өткізудің халықаралық ережелері толық орындалмағаны айтылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары да дәл осындай қорытындыға келді. Олар мәлімдемесінде ілгері басумен қатар, саяси бақталастық пен баспасөз беттерінде пікір таластың болмағанын атап көрсетті. Ресми дерек бойынша, сайлауда 90 пайыз дауыс алған қазіргі президент Ильһам Әлиев жеңіске жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG