Accessibility links

Испан судьясы өткен тарихты ақтаруға кірісті


Испанияның судьясы Балтасар Гарсон ел тарихында бірінші болып генерал Франконың диктатурасы мен 30-жылдардағы азамат соғысы кезінде мыңдаған адамның қырылуы мен жоғалуы жайттарын тергеуге кірісті. Гарсон адамдар жаппай жерленген 19 зиратты ашуға нұсқау берді. Зираттардың бірінде 1936 жылы Франконың үзеңгілестері өлтірген ақын Федерико Гарсиа Лорканың да сүйегі табылуы мүмкін.
Испанияда судьяның бастамасын әрқилы қабылдап отыр. Генерал Франко дүние салған 1975 жылдан бері елдің жетекші саяси күштері өткен дәуірдің жанжалдарын қопармауды дұрыс көреді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG