Accessibility links

Венесуэла Ресейден соғыс техникасын сатып алады


Венесуэла Ресеймен арадағы әскери-техникалық байланысын нығайтуды көздейді. Венесуэла қарулы күштері Бас штабының бастығы Хесус Гонсалес Каракаста Ресейдің қауіпсіздік кеіңесінің хатшысы Николай Патрушевпен кездесуінен кейін осылай деп мәлімдеді.
Генерал Гонсалестің сөзіне қарағанда, Венесуэла Ресейден Т-72 танктерінің үлкен партиясын сатып алмақшы. Ол, сонымен қатар, Ресейдің соғыс ұшақтары мен тікұшақтарына және соғыс кемелеріне де қызығатынын жасырмады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG