Accessibility links

Жеті елдің азаматтары АҚШ-қа визасыз бара алады


Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш 7 мемлекет азаматтарының Америкаға келуі үшін виза тәртібінің жойылатынын жариялауы мүмкін. Ол туралы Буштың әкімшілігі өкілдерін сілтеген Associated Press агенттігі хабарлайды. Агенттіктің мәліметі бойынша, 7 елдің ішінде ЕуроОдақтың Мажарстан, Латвия, Литва, Словакия, Чехия, Эстония сынды мүшелері мен Оңтүстік Корея бар. Виза тәртібін жою туралы шешім АҚШ заңдарына таяуда енгізілген өзгерістердің негізінде қабылдануы мүмкін. Ол өзгерістерде Ирақ пен Ауғанстандағы соғыс қимылдарына ат салысқан елдер үшін визасыз қатынасқа жету жолын жеңілдету мүмкіндігі қарастырылған.
XS
SM
MD
LG