Accessibility links

Ағылшын қарулы күштеріне жаңа басшы тағайындалды


Ұлыбританияның қарулы күштері Бас штабының жаңа бастығы болып генерал Дэвид Ричардс тағайындалды. Осыған дейін ол Ауғанстандағы НАТО күштерін басқарды, одан кейін ағылшындардың жаяу әскерінің бас қолбасшысы болды. Генерал Ричардс Ауғанстандағы НАТО күштерінің қатарын ұлғайтуды қолдайды. Оның пікірінше, тәліптерге қарсы ойдағыдай соғысу үшін халықаралық күштердің қатарын тағы 30 мың адамға ұлғайту керек деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG