Accessibility links

Чехия астанасында тарихи ескерткіш өртенді


Прага қаласында сәулет өнерінің тарихи ескерткіші – “Промысловы” немесе Өнеркәсіп сарайы өртенді. Зәулім сарай – чех сәулетшісі Бедрих Мюнецбергердің жобасы бойынша 1891 жылы салынды. Оның жалпы көлемі 300 мың шаршы метр.

Сарайда ауыл-шаруашылық, инженерлік, автокөлік сынды сан-алуан көрме өткізіліп келді. 1952 жылы Өнеркәсіп сарайы Чехославия комунистік партиясының сиездерін өткізу үшін көрделі өзгерту жүргізілді. 1991 жылдан кейін қайтадан түрлі көрмелер, оның ішінде Праганың кітап жәрмеңкесі өткізіле бастады.

Өрт тарихи ғимаратқа айтарлықтай нұқсан келтірді, оның ішінде сарайдың сол жақ қанаты жойылды.
XS
SM
MD
LG