Accessibility links

Ирақтағы қазақ бітімгерлері жаңа форма киюден сескенеді


Ирақтағы қазақстандық бітімгерлер жаңа әскери дала киімін киюден сескенеді. Ол туралы қазақ бітімгерлері бригадасының басшылығынa сілтеме жасап, Қазақстан бүгін агенттігі хабарлайды.
“Қазақстан армиясында биылдан бастап енгізілетін әскери форма өзінің үлгісімен және камуфляждық түсімен АҚШ жауынгерлерінің киіміне өте ұқсас. Ал содырлардың мергендері қазақ бітімгерлерін АҚШ жауынгерлерімен шатастыруы мүмкін деп сескенеміз”, -деп мәлімдеген бітімгерлердің басшылығы. Бітімгерлердің басшылығы қазақ саперлерінің Ирақ халқына жақсы таныс бұрынғы формасын қалдыруды өтініп, Қорғаныс министрлігіне өтініш жолдаған.
Ирақта 2005 жылдан бері 1 қазақ офицері қаза болса, 2003 жылдан бері АҚШ-тың 4180 жауынгері мерт болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG