Accessibility links

Арселор Митталдың тағы бір шахтасында өрт болды


Қарағанды облысында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының Костенко атындағы көмір шахтасынан өрт шықты. Ол туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметі бойынша, таңғы сағат 02.11-де шахтаның бір конвейерінен өрт шыққан кезде жер астында 305 кенші болған, жапа шеккендер немесе қаза болғандар жоқ.
Сағат 06.30-да шахтадан барлық кенші шығарылып, апатпен күресу үшін 36 адам шахтаға түскен.
XS
SM
MD
LG