Accessibility links

АҚШ пен ЕуроОдақ басшылары қаржы дағдарысын талдайды


Сенбі күні АҚШ президенті Джордж Буш пен ЕуроОдақтың басшылары Мэриленд штатындағы Кэмп-Дэвид сарайында ғаламдық қаржы дағдарысымен күресу жолдарын саралайды.
Джордж Буш пен ЕуроОдаққа төрағалық ететін Франция президенті Николя Саркозидің және ЕуроКомиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозудың басқосуында халықаралық қаржы жүйесін реформалау мәселесі бойынша әлемдік жиын өткізу – ең басты тақырыптың бірі болмақшы.
Ғаламдық саммит өткізуді осы аптада ресми Брюссель ұсынды.
Алайда Ақ үйдің ресми өкілі Дана Перино мәлімдегендей, бұл басқосуда саммитті өткізудің нақты уақытын белгілеуі екіталай.
XS
SM
MD
LG