Accessibility links

Ресей Кариб теңізінде ірі әскери жаттығу өткізеді


Алдағы айда Ресейдің әскери теңіз күштері кемелерінің Венесуэлаға келуіне көрші елдердің алаңдауына ешқандай негіз жоқ. Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев осылай деп мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, жоспар бойынша Кариб теңізінде өткізілетін әскери жаттығулар “өзге бірде-бір елдің мүддесіне қарсы бағытталмайды”.
Ресейдің соғыс кемелері мен соғыс ұшақтарының қатысуымен өтетін жаттығу – Ресейдің “қырғиқабақ соғысынан” кейін Кариб теңізінде өткізетін ең ірі әскери-теңіз жаттығуы болады.
XS
SM
MD
LG