Accessibility links

Пәкістанда ұрланған 2 қытайлықтың бірі босатылды


Пәкістан армиясы елдің солтүстік-батысындағы шабуылының барысында 60 бүлікшінің көзін жойғанын хабарлады.
Сенбі күні таратылған мәлімдемеге қарағанда, қауіпсіздік күштері зеңбіректердің және соғыс тікұшақтарының қолдауымен мазасыз Сват жазығына бекінген бүлікшілерге жұма күні түнде соққы бергенде, кем дегенде 60 бүлікші өлтіріліді.
Бұл операцияға тәліптердің қытайлық 2 инженерді ұрлап алып кетуі түрткі болды. Пәкістан армиясының қатарында адам шығыны жоқ. Қытайлық инженердің бірі әлі де тұтқында қалды, оны босату шарасы жалғасуда.
XS
SM
MD
LG